Moony жөргектері S

Moony жөргектері S

Бала салмағы
4-8 кг
Өлшемі
S
Қаптамадағы өгім саны
24

Қолдану тәсілі

Жөргекті ашып, жиектерін көтеріңіз. Жөргектің жабыстырғыш таспалары бар жағы сәбидің арқасына қарағанына көз жеткізіңіз. Жөргектің шеттерін екі жағынан басып, жабыстырғыштарды соза отырып, екі жағынан бекітіңіз.

Өнімді утилизациялау туралы ақпарат: қаптамада көрсетілген. ТР ТС 007/2011 талаптарына сәйкес келеді.

Құрамы

  • Ішкі беті: полиолефин, полиэстер және мақта талшықтарынан жасалған тоқылмаған материал.
  • Сіңіргіш қабаты: мақта целлюлозасы, жоғары молекулалы сіңіргіш материал, сіңіргіш қағаз.
  • Сыртқы беті: полиолефин плёнкасы.
  • Бекіткіш таспалар: полиолефин.
  • Серпімді материал: полиуретан; полиолефин және полиуретаннан жасалған тоқылмаған материал; эластомерден жасалған стирол плёнкасы.
  • Байланыстырғыш материал: эластомер негізіндегі стирол синтетикалық шайыры.

Жарамдылық мерзімі

Өндірілген күннен бастап 3 жыл, бірақ қаптамасы ашылғаннан кейін 12 айдан аспау керек (өндірілген күнін қаптамадан қараңыз: жжжж.аа.кк).

Сақтау шарттары

Құрғақ әрі желдетілетін жерде сақтау қажет.

Өндіруші

Unicharm Corporation, Мита, 3-5-27, Минато-ку, Токио, 108-8575, Жапония (Юничарм Корпорейшн, Мита, 3-5-27, Минато-ку, Токио, 108-8575, Жапония).

Назар аударыңыз! Жөргекті ауыстыруды ересек адам жасауы тиіс. Өндіруші туралы ақпаратты өнім қаптамасымен бірге сақтаңыз.

Сертификация

Сертификация

Oeko-Tex® Standard 100 сертификатынан өтті*
*Сертификат тек ілмекті жапсырмалы жөргектерге ғана берілген

Өсімдік майлары

Өсімдік майлары

Құрамындағы өсімдік майлары терінің қабынуы мен құрғақтықты болдырмайды. Жөргектің ішкі бетіндегі материал құрамында үш май бар: зәйтүн, жожоба және күріш майлары.

Нәзік материал

Нәзік материал
  • Материал жасанды қоспасыз.
  • Әлсіз қышқыл ортасы, жұмсақ және жағымды сезім береді.
  • Аллергия туғызбайды*.
    *Бұл барлық балаларда аллергиялық реакция байқалмаған дегенді білдірмейді.

Әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік

Әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік

Moony материалдар мен өндірістің жоғары қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.

Ата-аналарға

Жөргекті әр күні ауыстыру оңай емес. Кейде оны жаңа ғана ауыстырған сияқтысың, бірақ қайтадан ауыстыруға уақыты келгендей сезіледі.

Жаңа туған сәбилермен түсінісу де оңай емес: олар әзірге сезімдерін жылау арқылы ғана білдіреді, бұл ата-аналарды жиі шатастырады. Moony жөргектерінде біз сәбилердің сөзбен әлі айта алмайтын сезімдерін көрсетуге тырыстық — сондықтан жөргекті ауыстыру сәті қуанышты және көптен күткен уақытқа айналуын қарастырдық.

Жылап тұрған сәбиді көргенде ана мен әке ренжиді, өйткені балаға эмпатия сезінеді («айна нейрондар» жұмыс істейді). Ал сәбиге жайлы екенін көргенде — ата-аналар да тынышталып, бақытты болады.

Біз «ауыстыру керек» деген ойдың орнына ата-аналардың «ауыстырғым келеді» деп ойлауын мақсат еттік. Жөргекті ауыстыру — балаңызбен тактильді байланыс орнату үшін баға жетпес уақыт. Moony осы уақытты қуанышты өткізуге көмектеседі.

Ерекшелік 1

Ерекшелік 1
  • Серпімді резеңкелер бала денесінің пішініне оңай бейімделеді; оларды күш жұмсамай тартып алуға болады.
  • Ілмекті жапсырмалар бірінші ретте оңай бекітіліп, ағып кетуден қорғайды. (Тек NB/S өлшемдері үшін.)

Ерекшелік 2

Ерекшелік 2

Жөргек денеге нәзік бейімделіп, оның пішінін қайталайды, теріні қыспайды

Ерекшелік 3

Ерекшелік 3

Артқы бел аймағындағы серпімді белдік денеге жақсы бейімделіп, қосымша қорғаныс береді (NB және S өлшемдері)

Ерекшелік 4

Ерекшелік 4

Жаңа туған сәбилердің сезімтал терісі үшін Moony жөргектері ерекше жұмсақ жасалған.

Ағып кетуден қорғайды

Ағып кетуден қорғайды

Сенімді сіңіру

Бөртпелердің алдын алады

Бөртпелердің алдын алады

Толық ауа өткізетін материал

NB өлшеміндегі модельдерде кіндік бөлігінде арнайы ойық бар

NB өлшеміндегі модельдерде кіндік бөлігінде арнайы ойық бар

Кіндік бөлігіндегі жұмсақ және ыңғайлы ойық

Сәбидің нәзік терісіне сәйкес келеді

Сәбидің нәзік терісіне сәйкес келеді

Серпімді ілмекті жапсырмалар

Бірден түсінуге болады

Бірден түсінуге болады

Жөргекті ауыстыру уақытын оңай білуге болады. Жөргек толған сайын индикатор көгілдір-жасыл түске айналады